БастыДенсаулық

ДДСҰ маскаларға қатысты ұстанымын өзгертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоғамдық орындарда қорғаныс маскаларын тағуға қатысты ұсынымын жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар дүкен, қоғамдық көлік секілді әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қиын орындарда бетперде тағып жүруге шақырды.

Сондай-ақ коронавирус өршіп тұрған елдерде созылмалы аурулары бар және жасы 60-тан асқан тұрғындарға да маскасыз жүрмеуге кеңес берді. Мамандар сондай-ақ бетперден бөлек әлеуметтік қашықтық пен гигиена ережелерін сақтау қажеттігі туралы да ескертіп отыр. Айта кеткен жөн, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маска сау адамдары вирустан корғамайтыны жайлы айтқан болатын. Бұл ретте оны дәрігерлер мен індет жұқтырған науқастарға ғана тағуға кеңес берілген.

Тедрос Аданом Гебреисус, ДДСҰ бас директоры: – Бетперде коронавируспен күрес бойынша кешенді шаралардың бірі саналады. Бірақ маска тақтым екен деп, бейқам жүре беруге болмайды. Одан бөлек, қолды жиі жуып, қауіпсіз қашықтықты сақтау керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button