Қазақстанда 17 тамыздағы мәлімет бойынша 120 488 адам коронавирус инфекциясынан (–115 712 + және 4 776 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы.
Олардың ішінде 30 996 пациент стационарда, 89 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 910 адамның жағдайы ауыр,
• 529 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 251 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.