Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін кездесулер басталды. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды деп жазады Olympic.kz.
Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты.
Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді.
Бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі екенін естеріңізге саламыз.