Атырауға екі компонетті QAZVAK вакцинасының 990 дозасы жеткізілді

Отандық вакцинаны тек үш емханада ғана егуге болады , деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақтық фармацевтикалық қоймаға QAZVAK вакцинасының 990 дозасы – I және II компоненттің 495 дозасынан жеткізілді.

– Отандық вакцинацияны тек үш емханада-N4 және N5, сондай – ақ Еркінқала отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында ғана алуға болады, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жақын арада ресейлік «Спутник V»вакцинасының 10 мың дозасы жеткізіледі деп күтілуде.