БастыҚоғам

Елордалық 108 ұйым «Ashyq» жобасының көшбасшылар тізіміне енді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Ashyq» көшбасшыларының» тізімін жариялады. Екі апталық статус ұйымдар үшін қосымша жеңілдіктер береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көшбасшылар тізіміне әуежай, вокзалдардан бастап сауда нүктелеріне дейін 108 ұйым кірді.

Айта кетейік, «Ashyq» көшбасшылары» статусын беру үшін жоба қатысушыларының тізімін әкімдік жасақтайды. Олар жобаға қатысатын нысандарда (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) арқылы келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерге сәйкес іріктеледі.

«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушы «қызыл» аймақта «сары» аймақтың, «сары» аймақта «жасыл» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істей алады, «жасыл» және «қою қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушылардың жұмыс режимі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10%-ға артады. Егерде медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай көлемінде ауырып, жазылған адамдарды қоспағанда қызметкерлердің кемінде 90%-ы вакцинаның бірінші компонентін алса, нысанның толтырылуы 20%-ға артады.

Бүгінгі таңда «Ashyq» жобасына 10 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі кірді.
Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысушылар барлық санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Егерде бұзушылықтар анықталса олар тізімнен шығарылады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button