БастыСпорт

Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір өкілі жартылай финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жартылай финалда Сәкен испаниялық Габриэль Эскобармен кездескен болатын.

Өте тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетелік, бірінші раундта Сәкеннің жойқын соққысынан кейін қарсыласы нокдаун алған болатын.

Төрешілер бірінші раундтағы жеңісті Бибосыновқа, екінші раундтағы басымдымқы Эскобарға берді.

Ал шешуші кезеңде қарсыласына соққыларын дәл тигізген Сәкен Бибосынов жеңіске жетті.

Осылайша, Сәкен Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдегерлер қатарына қосылып отыр.

Бибосынов финал жолдамасы үшін таласта британдық Джамаль Яфаимен жұдырықтасады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button