Бастыпроисшествие

Ақтөбе облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қарақшы ұсталды

Ақтөбе облысында жалдамалы үйден жеті миллион теңге ұрлағандары үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қарақшы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпан күні сағат 19:00-де Мәртөк ауданының ПБ кезекші бөлімінің “102” телефонына белгісіз адамдар Мәртөк ауданының Жайсаң кентінде ақша салынған сөмкені алып, Ақтөбе қаласына қарай Daewoo Nexia автокөлігімен кетіп қалғаны туралы қоңырау келіп түсті.

Сол күні сағат 17:00-де төрт белгісіз адам Жайсан кентінде орналасқан жалдамалы үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылық пен қаруды қолдана отырып, ЖШС-нің бірінің үш күзетшісіне қарақшылық шабуыл жасаған, онда жеті миллион теңге сомасында ақша қаражатын ашық түрде ұрлап кеткен. Одан кейін оқиға орнынан Daewoo Nexia автокөлігімен қашып кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады, ал екеуі қашып үлгерген. Оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Ағымдағы жылдың 28 шілдеде іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстады. Күдіктілер Ақтөбе қаласының УҰИ-ға қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button