БастыСпорт

Денис Ганькин садақ атудан келесі кезеңге өте алмады

Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Денис Ганькин Токио Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіліп қалды деп жазады Olympic.kz. 

Денис Ганькин бірінші кезеңде Египет спортшысы Юсуф Толбаны 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Алайда, екінші айналымда италиялық Мауро Несполиден 2:6 есебімен жеңілді.

Осылайша, Ганькин Олимпиаданы аяқтады. Енді Қазақстан сапынан Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев сынға түседі.

Ал командалық бәсекеде Қазақстан Үндістан құрамасына жол бергенін естеріңізге саламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button