БастыҚоғам

Жыл басынан бері 100, 5 мың бала дүниеге келген: Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш

Осы жылдың бірінші тоқсанда Қазақстанда 100,5 мың бала дүниеге келді, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда дүниеге келгендер санының өсімі – 8,4%. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2020 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 92,7 мың нәресте дүниеге келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% ғана көп. Жалпы 2020 жылы елімізде 425 мыңнан астам кішкентай қазақстандық дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 6%-ға артық. Салыстыратын болсақ, 2019 жылы дүниеге келгендер санының өсуі 2018 жылғы көрсеткіштен 1,3%-ға ғана асқан.

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында халық саны 18, 94 млн адамға жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button