БастыСпорт

Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Танымал америкалық журналист Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратты бөлісті. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Бастапқыда Головкин – Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда бұл жекпе-жек басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін.

«Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар», – делінген дереккөздерде.

«Жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтеді», – деп жазды Рафаэль.

Басқа жаңалықтар

Back to top button