БастыСпорт

Қазақстан Токио Олимпиадасында қанша медаль алады?

Gracenote статистикалық агенттігі Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қай елдің қоржынында қанша медаль кететінін болжады. Бұл туралы Prosports.kz жазды.

Статистикалық агенттіктің сараптауы бойынша, жапон жерінде АҚШ спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алады. Америкалық спортшылар 43 алтын, 30 күміс, 41 қола медаль еншілейді деп болжанған.

Жүлде саны жағынан екінші орынға Қытай жайғасады. Көрші елдің спортшылары 85 медаль алуға қауқарлы дейді статистикалық агенттік. Қытай спортшыларының қоржынында 38 алтын 23 күміс 24 қола болады.

Жарыс қожайындары Жапония алтын жүлде санынан үштіктен көрінеді. Жапондар 34 алтын 16 күміс 9 қола алады деп болжанған.

Ресей Олимпиада құрамасы биыл тағы байрақсыз өнер көрсетеді. Дегенмен орыс спортшылары үздік бестікке ілінеді. Сондай-ақ үздіктер қатарында Нидерланды бар.

Агенттіктің болжамынша, Қазақстан спортшылары 16 медальді қанағат алады. Оның біреуі ғана алтын болады. Қоржынға тағы 5 күміс және 10 қола түседі. Жалпы саны 16 жүлдемен Қазақстан 30-40 орындарды алады.

«Gracenote» 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасында қазақ спортшылары 4 алтын 3 күміс 9 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 23-орын алады деп болжаған еді. Бразилия жерінде қазақ спортшылары 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 22-орын алды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button