БастыБілім

«ШҚУ – мықты иммунитет орталығы» атты челлендж-акциясы басталды

Шығыс Қазақстан университетінің студенттері мен оқытушылары вакцина алу бойынша көшбасшылар қатарында. Бүгінгі таңда университет оқытушылары мен қызметкерлерінің 98,6%-ы вакцина алды. Ал студенттердің көрсеткіші 60,4%-ға жетті.

Бұл – аймақтағы ең жақсы көрсеткіш екенін жоғары оқу орнының басшылығы айтты.

«Біздің қызметкерлер, оқытушылар, әсіресе, студенттер саналы түрде осы қадамға белсенділікпен барып жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, жаппай вакцина алу халықтың денсаулығын сақтап, қалыпты өмірге тезірек қайтып келудің бірден-бір жолы екенін баршаға түсіндіріп келеміз. Күзде оқу оффлайн форматта басталады, қазір жаңа оқу жылына толық дайындық жүріп жатыр. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады», – деді университеттің ректоры Мұхтар Төлеген.

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенті Аяужан Әшімова басқа студенттер сияқты оқу процесінің дәстүрлі түрін асыға күтіп жүр.

«Мен топта алғашқылардың бірі болып вакцина алған шығармын. Бәрі жақсы. Шамалы бұлшық етімнің ауырсынғаны болмса, қазір өзімді өте жақсы сезінемін. Өткен аптада екінші компонентті алдым. Менің курстастарым да вакцина алуға белсенді түрде барып жатыр. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастайтынымызға сенімдімін», – дейді Аяужан Әшімова.

Айта кетейік, бүгін университетте «ШҚУ – мықты иммунитет орталығы» атты челлендж-акциясы басталды. Вакцина алған студенттер мен оқытушылар әлеуметтік желілердегі парақшаларына «ШҚУ – мықты иммунитет орталығы» суретін қойып, достары мен таныстарына өзін және жақындарын COVID-19 инфекциясынан қорғануға шақырды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button