
Бір апта ішінде Қазақстан аумағында 505 ұрлықтың беті ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның ақпарат алаңында өткен аптадағы кримминогендік жағдай туралы ақпарат берді.
«Бір апта ішінде елде 3237 қылмыс жасалды. Оның 2212-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 8 кісі өлімі, өлімге әкеп соққан 5 жағдай, бір қарақшылық, 41 тонау және 505 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ізін суытпай ашты», – деді ІІМ өкілі.


