Жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсингтік қызмет көрсетуге ниет білдірген компаниялар мен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан 35 мыңнан 52,5 мың теңгеге дейін қаражат төленеді.
Мемлекет екі жылдан бері жұмыс іздеу және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсингтік қызмет көрсететін жеке HR-агенттіктерді қолдауда.
Жұмысқа тұрақты әрі сәтті түрде орналасқан азаматтар үшін 35 мың теңгеден 52,5 мың теңгеге дейін төленеді. Алайда, көпшіліктіпті жеке тұлғалар осылай табыс табуға болатынын біле бермейді.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес аутсорсингтік қызмет көрсетуге қатысатын үміткерлергеқойылатын талаптар бірдей. Заңды және жеке тұлғалардың тиісті жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ қажетті материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс. Ал, жеке тұлғалардың тек бір ғана жалдамалы қызметкері және Жеке кәсіпкерлік туралы тіркеуі болса жеткілікті.
Аутсорсинг қатысушылары мемлекеттен бірқатар тиімді ұсыныстар мен артықшылықтарды ала алады:
– Мемлекеттік жұмыспен қамту орталығының мамандары жан-жақты қолдау көрсетеді;
– халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар туралы толық ақпарат береді;
– электронды форматта халықты жұмыспен қамту орталығымен аутсорсинг туралы шартты Электронды еңбек биржасында (www.enbek.kz) жасай алады;
– аутсорсингтік қызмет көрсету аясында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін кепілді төлем алады;
– «Электрондық еңбек биржасы» порталындағы бос жұмыс орындарынын шексіз пайдалана алады.
Қаражат алу үшін аутсорсингтік қызмет белгілі бір уақыт аралығында бос жұмыс орнын тауып, азаматтарды тұрақты түрде жұмысқа орналастыруы тиіс. Әр адамды жұмыспен қамтығаны үшін қаражат беруге, мемлекет кепілдік жасайды.
«Халықты жұмыспен қамту саласында аутсорсингтік қызмет көрсету жаңа бизнесті бастағысы келетіндерге тамаша мүмкіндік. Өйткені қатысу үшін аз қаржы жұмсалады. Шарт бойынша аутсорсингтік қызмет көрсететін агенттік немесе жеке кәсіпкер (ЖК) 30 жұмыс күн ішінде бос жұмыс орнын іздеп табуы керек. Аутсорсинг арқылы жұмысқа орналасқан азаматтар алты айдан кем емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Жұмыспен қамту қызметін дамыту департаментінің директоры Ирина Рубашина.
Тариф көлемі 35 000 теңгеден 52 500 теңге аралығында. Қаржы көлемі жұмыссыздың қала немесе ауылдық жұмыспен қамту орталығында тіркелген орнына,жұмысқа орналасу қиындығына байланысты болады.
«Аутсорсингтік қызмет көрсететін компаниялар не жеке тұлғалардың тіркелу орнына ешқандай талаптар қойылмайды, яғни жеке агенттіктер бірнеше өңірлерде және аутсорсинг туралы бірнеше келісім шарт бойынша қызмет көрсете алады», – деп толықтырды И. Рубашина.
Аутсорсинг мәселелері бойынша жақын жерде орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның 8-7172-954317 телефоны арқылы (ішкі нөмір 392 және 384) немесе e-mail: d.toktarov@enbek.kz, k.galym@enbek.kz поштасы арқылы хабарласуға болады.
Аутсорсинг туралы келісімдер электрондық форматта жасалады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жан-жақты консультациялық қолдау көрсетеді және жұмысқа орналастыру үшін қажет жұмыссыздар туралы толық ақпаратты ұсынады.
Аутсорсинг мәселелері бойынша жақын жерде орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ЕРДО-ға 8-7172-954317 телефоны арқылы (ішкі нөмір 392 және 384) немесе d.toktarov@enbek.kz, k.galym@enbek.kz e-mail арқылы хабарласуға болады.