Президент демалысын ШҚО-дағы Бұқтырмада өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында қысқамерзімді демалыста болады. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады», – деп жазды Берік Уәли