БастыЭкономика

Короновирус пандемиясына байланысты дағдарыс АӨК саласына қалай әсер етті?

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,2%  артты, ал азық-түлік өндірісі 2,4% өсті.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 10,1% артып, 98,4 млрд.теңгені құрады, азық-түлік өнімдері өндірісі-14,9%, 20,6 млрд. теңгені құрады.

Мал шаруашылығында жалпы өнім шығарудың 2,3% өсуі қамтамасыз етілді. Өндіріс көлемінің өсуі ет өндірудің 3,6% және сүт өндірудің 3,2% артуымен байланысты.

Өсімдік шаруашылығында 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды және бүгінгі күні егіс жұмыстары аяқталуға жақын.

Министрдің айтуынша, короновирустың пандемиясына байланысты ағымдағы жағдай азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту басты мәселелердің бірі болды.

Қазір көптеген елдер ішкі нарықты қанықтыруға және импортты алмастыруға баса назар аудара отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясын қайта қарастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button