БастыСпорт

Головкин Альвареске қарсы жекпе-жек өткізуге қалай қарайды?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN ұйымының мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекті өткізу туралы ұсынысына оң жауабын берді. Бұл туралы америкалық журналист Лэнс Пагмайр мәлімдеді. Бұл туралы prosports жазды.

«The Athletic растады. Жақында DAZN Головкиннің «Канелоға» қарсы айқасқа қалай қарайтынын сұрап, жауабын алған. Головкин бос екенін әрі дайын екенін айтқан», – деп жазды инсайдер.

Айта кетейік, Головкин кейінгі жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, поляк боксшысы Камил Шереметаны жеңген еді.

«Канело» мен Головкин бұған дейін екі мәрте кездескен. Бірінші айқаста боксшылар тең тарқасса, екіншісінде мексикалық басым болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button