
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде хайфалық «Маккабимен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Израильде өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның бірінші таймы аяқталар тұста Омер Айили есеп ашты. Ал 76-минутта бұрыштан әуелеген допты Нұралы Әліп қарсылас қақпасының алыс бұрышына дәл жеткізді.
Енді командалардың қарымта кездесуі 14 шілдеде Алматыда өтеді.
Чемпиондар лигасы-2021/22. 1-іріктеу кезеңі. Бірінші матч.
«Маккаби» Х – «Қайрат» 1:1 (1:0)
Голдар: Айили 45 – Әліп 76.
7 шілде. Хайфа. «Самми Офер».