БастыДенсаулық

Пандемияның аса қауіпті кезеңі басталды – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның өте қауіпті кезеңі басталғанын айтып, адамзатты сақ болуға шақырады. Бұл туралы 24kz жазды.

Тедрос Гебрейесустың айтуынша, қауіп-қатер әлі де сейілген жоқ. Ұйым басшысы тығырықтан шығудың жалғыз жолы індетке қарсы дәрі-дәрмек, вакцина, тест пен медициналық құрал жабдықтарды әлем елдеріне теңдей бөліп беру дейді.

Айта кетейік, жаһандағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақталмай тұр. Сарапшылардың айтуынша, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде науқастар саны 13 процентке азайса, өзге мемлекеттерде дімкәс жандардың қатары керісінше артып барады. Статистика бойынша Еуропада вирус жұқтыру дерегі 28 процентке өсіп кеткен.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button