Қазақстан аумағын қамтыған аномальді жылу алдағы демалыс күндері де сақталады.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және орталығында ауа температурасы түнде +15 +23℃, күндіз термометрлер +35 +40℃, еліміздің шығысында ауа температурасы түнде +12 +20℃ +17 +25°С, күндіз +27 +35℃ +30 +38°С, ал оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстігінде түнгі температура +20 +28°С, күндіз +35 +45°С болады.