Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданында еліміздің ерекше талант иелері Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шукеновке мурал салынды. Бұл туралы Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі композитордың туындылары әлі күнге дейін тыңдарманын жоғалтқан жоқ. Н. Тілендиевтің «Аққу», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері мен «Құстар әні», «Куә бол», «Сарыжайлау» сияқты әндері әлі күнге дейін халықтың жадында сайрап тұр, ал Б. Шукеновтың «Отан ана», «Жүрегімде Астана», «Джулия», «Твои шаги» сияқты әндері музыка өнеріндегі қайталанбас туындылар.
Айта кетейік, мурал «Romul» ЖШС-нің бастамасымен Н. Тілендиев даңғылы, 38 мекенжайында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қасбетіне салынды.