БастыСпорт

Фируза Шәріпова WBA рейтингінде екінші ай қатарынан көш бастап тұр

Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова WBA рейтингінде бірінші орында қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) — кәсіпқой бокстағы ең ескі халықаралық қауымдастықтардың бірі. Ұйым әлемдік деңгейдегі бокс кездесулерін ұйымдастырады. Әйелдер арасындағы жеңіл салмақта ұйым белбеуі әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тейлорда. Шәріпова қатарынан екі ай бойы бірінші орында тұр, сондықтан ол Тейлордың белбеуіне міндетті үміткер болады.

Егер Фируза Шәріпова Кэти Тейлормен кездесіп, оны жеңсе, онда негізгі ұйымдардың барлық титулын еншілейді. Бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш саналады. Қазақстандық ең танымал боксшы Геннадий Головкиннің еншісінде тек негізгі үш титул болған. Өз карьерасы бойы Шәріпова басты мақсаты әлемнің абсолют чемпионы болу екенін айтып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button