Коронавирус жұқтырған 485 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда 24 022 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы ДСМ хабарлады.

29 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 022 адам коронавирус инфекциясынан (–22 746 + және 1276 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 125 пациент стационарда, 16 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 485 адамның жағдайы ауыр,

• 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1321 адамнан коронавирус анықталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 370, Алматы қаласы – 126, Шымкент қаласы – 33, Ақмола облысы – 44, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 43, Атырау облысы – 66, Шығыс Қазақстан облысы – 65, Жамбыл облысы – 31, Батыс Қазақстан облысы – 63, Қарағанды облысы – 288, Қостанай облысы – 45, Қызылорда облысы – 17, Маңғыстау облысы – 25, Павлодар облысы – 45, Солтүстік Қазақстан облысы – 15, Түркістан облысы – 35.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 421121.