
«Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялықфилармониясы «Қорқыт» этно ансамблінің Ықылас Дүкенұлының шығармашылығына арналған «Жез киік» атты VI концерттік маусымының жабылуы концерті өтті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Мәдениет қайраткері – Шолпан Қорғанбек.
Кештің мақсаты – есімі алты алашқа мәлім көрнекті тұлғаның шығармашылығын насихаттап, қазақтың атақты күйші қобызшысы, классик композитор, қылқобыз аспабының дүлдүл шеберінің туындыларын халыққа жеткізу. Концертте Қорқыт этно ансамбльмен бірге ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Раушан Оразбаева, Қайрат Жұнісов, Құрмет орденнің иегері – Жүсіпова Жанар, Халықаралық Шабыт фестивалінің Гран При иегері – Шолпан Шарапатова, Халықаралық байқаулардың лауреаттары -Ақнар Шәріпбаева, Олжас Құрманбек, Республикалық байқаулардың лауреаты Айдос Оңғарбай, жас өнерпаздар-Жеңісбекова Аяужан, Нұрашев Жалғас, Куанышқалиева Жұмагүл, Тоғжан Ғайса, Мұңайтпас Аян және «Қобыз-Рух» ансамблі өнер көрсетіп ел ықыласына бөленді.
«Халықтың Ықыласы» атанған көрнекті тұлғаның шығармашылығына арналған керемет кеш жоғары деңгейде өтті.