Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Айтуынша, құтқарушылар мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан. Мүрдені тасымалдау үшін оқиға орнына тікұшақ жіберілді.
Талғат Уәли, ҚР ТЖМ ресми өкілі:
– Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады. Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса. Тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.