БастыҚоғам

Қарулы Күштердің ардагеріне құрмет көрсетілді

Биыл Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толды. Осы айтулы күнге орай Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жеке құрамы Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері Сабырбек Өтеповпен кездесті, деп хабарлайды Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Шара барысында ардагер Сабырбек Өтепов жеке құрамға аталмыш ұйымның құрылуы, дамуы мен жетістіктері жайлы айтып өтті. Айта кетейік, бұл ұйымның негізгі мақсаты – Қарулы Күштер ардагерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ әскери қызметкерлерге патриоттық тәрбие беруде үлестерін қосу болып табылады.

Сонымен қатар, іс-шара кезінде Аягөз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы подполковник Сабыржан Айтқазин Отан алдындағы азаматтық борышына адал болған азаматтарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасатынын айтып, бөлім атынан ардагерге алғыс хат тапсырды.

– Сіздің қиындығы мен қызығы мол әскери саладағы қажырлы еңбегіңіз бізге және жас мамандарға үлгі-өнеге. Әрдайым күш-қуатыңыз артып, абыройыңыз асқақтай берсін, – деді бөлім бастығы подполковник Сабыржан Айтқазин.

Кездесу соңында құрметке бөленген ардагер Сабырбек Өтепов мереке қарсаңында арнайы шақырып, марапаттаған бөлім басшылығына алғысын білдіріп, естелік суретке түсті. Іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button