ШҚО әкімдігінің ақпараттық хабарламалары Shygys PRESS атауымен жарияланады

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы қазіргі Facebook әлеуметтік желісін пайдалану ережесінің талаптарына байланысты ШҚО әкімдігі аккаунтының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Оның орнына жергілікті атқарушы органның https://www.facebook.com/EastKazakhstanRegionресми парақшасы ашылды. Жаңа парақшада аймақтың басқарушы органдарының ресми хабарламалары, жаңалықтары мен ақпараттық фото-бейнематериалдары жарияланады. Айта кету керек, ақпараттың барлығы Shygys PRESS атауымен таратылады.

Бұрынғы аккаунт (https://www.facebook.com/shygysqazaqstan/) енді жұмыс істемейді. Тек осыған дейін жарияланған ақпараттарды ғана оқуға болады.  

Жанжігіт Омархан жаңа ережелерге сәйкес мемлекеттік мекемелердің, коммерциялық компаниялардың, коммерциялық емес қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктердің әлеуметтік желілерде парақшалары болуы тиіс екенін, Facebook компаниясы аккаунт жұмысын шектейтінін түсіндірді.

Сондай-ақ, 15-маусым күні жұмысқа кіріскен облыс әкімінің баспасөз хатшысы аймақ әкімдігінің ресми медиа ресурстарының жаңартылған тізімін жариялады. Солар арқылы облыс әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпарат таратылады:

– ресми сайт http://akimvko.gov.kz/

– жаңа телеграм-канал https://t.me/shygyspress

– Инстаграмдағы жаңартылған парақшаhttps://instagram.com/akimatvko

– Фэйсбуктегі жаңа парақша https://www.facebook.com/EastKazakhstanRegion

Баспасөз қызметінің электронды поштасы өзгерген жоқ: akimvkopress@gmail.com.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі шығысқазақстандықтарды және журналист-әріптестерді маңызды әрі қызықты оқиғалардан хабардар болу үшін және ресми жаңалықтарды бірінші болып оқитындардың қатарында болу үшін парақшалар мен телеграм-каналға жазылуға шақырды.