БастыМәдениет

Академиялық филармонияның «Атамекен» атты концерті өтті

Бүгін «Астана» концерт залында  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы  Үрлемелі оркестрінің  «Атамекен» атты XX маусымның жабылу концерті өтті.

Онда  Үрлемелі оркестрдің бас дирижері – Вероника Дударова атындағы Бүкілресейлік оркестрлік дирижерлер байқауының I дәрежелі лауреаты Дархан Рахымғалиев, көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин және  дирижер –  Алексей Терещенко көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар кеште   Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері  Еділ Құсайынов, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Бибігүл Тыныштық, Ақбота Құснадин, Сәулежан Тағзия, Гуляв Лебедева, Дарын Құдайбергенов, «ALEM» эстрадалық би ансамблі мен Камералық хор өнер көрсетті.

Өнерпаздардың пандемияға байланысты көптен бері көрерменсіз концерт қойып келе жатқаны белгілі. Соңғы кездері карантин талаптарын сақтай отырып, залға көрермен жинауға мүмкіндік берілді. Халық өнерпаздармен кездесіп,  шынайы концерт көруді сағынса, өнерпаздар сахнада халық алдына шығып өнер көрсетуді әбден сағынды. Осылайша, жиналған халық қазақ музыка өнерінің інжу-маржандарына классикалық өнер туындылары ұштасқан керемет кештің куәсі болды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button