БастыҚоғам

Елордада жол апаты салдарынан адам өлімі орын алды

Бүгін шамамен 12 сағат 18 минутта «SHACMAN» маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қала жақтан Астрахань тас жолы бойымен Талапкер ауылына қарай келе жатып, жолдың жүру бөлігінде алдын ала тиісті орынға тұрмай, маневр кезінде бір бағытта келе жатқан 52 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Nexia» маркалы автокөлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан «Nexia» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілер жолдарда мүмкіндігінше мұқият болу керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button