БастыСпорт

Қазақстан грек-рим күресінен Түркиядағы жарысқа қатысады

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық командасы Стамбулда өтетін рейтингілік жарысқа қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

38 th Vehbi Emre&Hamit Kaplan халықаралық турнирі 18-20 маусым аралығында өтеді. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасынан жеті балуан қатысады.

Турнирде бақ сынайтын балуандар: 

60 келі: Айдос Сұлтанғали

60 келі: Мейрамбек Айнағұлов

77 келі: Демеу Жадыраев

77 келі: Асхат Ділмұхамедов

77 келі: Тамерлан Шадукаев

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

87 келі: Азамат Құстыбаев

Айта кетелік, аталған турнирден соң Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылардың есімі нақты белгілі болмақ. «Классикалық» күрес өкілдері Олимпиадаға үш салмақ дәрежесі бойынша жолдама алғанын естеріңізге саламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button