17 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Матрица бойынша,
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Айта кетейік, соңғы үш күнде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасындағы көрсеткіш өзгерген жоқ.