БастыДенсаулық

Цой отставкаға кете ме?

Қыркүйекке дейін 10 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алмаса Денсаулық сақтау министрі отставкаға кете ме? Бұл сауалға ОКҚ өткен брифингте министр былай деп жауап берді.

«Барлығы еліміздің азаматтарына, оның түсінігіне байланысты екендігін айтқым келеді. Вакциналау – ерікті. Бұл орайда біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру саясаты мен ақпараттық қолдау ғана жүргіземіз. Оның үстіне сіздерді де ел азаматтарының көп бөлігін вакцинамен қамту үшін көмекке шақырамыз», – деді Алексей Цой.

Ал жасап жатқан жұмысына қатысты:

«Үкіметтің әрбір мүшесіне қатысты кез келген мәселе Мемлекет басшысына байланысты. Сондықтан жұмыс қалай бағаланса, солай шешім қабылданатын болады», – деді Алексей Цой.

Басқа жаңалықтар

Back to top button