БастыҚоғам

Оралда қатардағы жауынгер өзін атып тастады

Оралда қатардағы жауынгер өзіне қарудан оқ атып, көз жұмды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 16 маусым күні шамамен таңғы сағат 05.30-да болды.

Ақтөбе қаласынан шақырылған 5517-әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Қ. қарауылда қызмет атқару кезінде бекітілген қарудан иегіне оқ атып, өзін-өзі жаралады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 2000 жылғы әскери қызметші иек тұсынан оқ жарақатын алып, облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсеновтың айтуынша, ол өз-өзін жаралаған. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізілуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button