БастыСаясат

Ауыл шаруашылығы министрлігі ресейлік Светлана Киршовадан қаражат өндіріп алу туралы талап арыз бермеген

Ұрланған қаражатты ресейлік азаматшадан өндіріп алу туралы  талап арызды Ауыл шаруашылығы министрлігі емес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің комитеті берген.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджет қаражатын өндіріп алу туралы талап арыз бергені туралы хабарлама дұрыс емес, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі

Бірқатар қазақстандық БАҚ Ресейдің «Вести Омск» ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып, Светлана Киршоваға қатысты сот процесі туралы ақпарат таратты. Ол алаяқтық жасап, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан аса ірі көлемде қаржы ұрлады деп айыпталуда. Ақпараттық материалдарда РФ азаматшасы Светлана Киршоваға қатысты жүргізілген қылмыстық іс аясында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ұрланған бюджет қаражатын өндіріп алу туралы талап арыз берген деп көрсетілген.

Негізі, бұл хабарлама дұрыс емес және бұқаралық ақпарат құралдарының оқырмандары мен көрермендеріне теріс ақпарат таратады. Бұл қателік ресейлік ақпарат көздерінің Қазақстан Республикасының орталық билік органдарының құрылымы туралы білмегендігінен болып отыр. 

Осыған байланысты ҚР АШМ келесіні хабарлайды:

Шын мәнінде, қылмыскер бюджет қаражатын Су ресурстары комитетінің есебінен 2003 жылы ұрлаған, ол кезде бұл мекеме ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болған. 

Алайда, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 2019 жылдың маусым айынан бастап Су ресурстары комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына өтті.

Сондықтан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі айыпталушы ресейлік Светлана Киршовадан қаражат өндіріп алу туралы талап арыз бермегенін хабарлаймыз.

Белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, мемлекет атынан талап арызды Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі берген.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button