БастыСаясат

Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жаңа төрағасы сайланды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңға сәйкес, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды.

«Ұсынылған кандидат білікті заңгер, осы салада көптеген қызметтерді абыроймен атқарып келе жатыр. Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы Заңнама және сот–құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де жеткілікті, – деді Н. Нығмутлин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыс барысында осы уақытқа дейін Мәжілістің Комитетін басқарып келген депутат Қанат Мусиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қаулы қабылданды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button