Басты

Павлодар облысында малшы 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді

Павлодар облысында табыншы 2017-2020 жылдар аралығында 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілініп, ұсталды, , деп хабарлайды Polisia.kz.

«Павлодар облысында 2017-2020 жылдар аралығында жеке пайда түсіру мақсатында және пайдакүнемдік ниетпен Ертіс ауданы Ағашорын ауылының еркін жайылуынан 36 бас жылқы ұрлаған ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Бұдан басқа, табыншы кейбір мал иелеріне малының өлгенін хабарламай, ақысын алуды жалғастыра берген», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Аталған фактілер бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 1-бөлімі (Алаяқтық) және 188-1-бөлігі 3-бөлімі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ер адам 2017-2020 жылдар аралығында 13 ұрлық фактісін жасады деп күдікке ілінді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button