БастыҚоғам

Тротуарда келе жатқан сегіз айлық сәби мен 43 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Қостанай қаласында автокөлік тротуарда келе жатқан әйел мен нәрестені қағып кетті, салдарынан олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше кешке «102» нөміріне қаладағы Қайырбеков-Киевская көшелерінің қиылысында «ВАЗ-21102» маркалы көліктің баламен жүрген жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

«ВАЗ-21102» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Қайырбеков көшесімен келе жатып, көлігін басқара алмай, тротуарға шығып кетіп, онда баламен келе жатқан әйелді қағып кеткені анықталды. Жедел жәрдем қызметі оқиға салдарынан зардап шеккен жергілікті 43 жастағы әйелді қалалық ауруханаға жеткізді. Сегіз айлық сәби де дене жарақаттарын алған», – деп түсіндіріп өтті департаменттен.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button