БастыҚоғам

17 жасар қыз 69 жастағы әжені алдап, ақшасын иемденген

ШҚО-да қарт ана 20 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 2 маусымында Шемонаиха ауданының ПБ кезекші бөліміне 69 жастағы қала тұрғыны 2021 жылдың 20 сәуірінде белгісіз қыз алдау жолымен оның ақшалай қаражатын иемденгені туралы айтып жүгінді.

Зейнеткер әдеттегідей банкоматқа ақша алуға келген, сөмкесін қопарып, көзілдірігін үйде қалдырып кеткенін білгенін ол, сол жердегі банкоматтың жанында тұрған бейтаныс қыздан көмек сұраған. Артық ойы жоқ әйел өз қартасының пин-кодын бейтаныс қызға айтып, 40 мың теңге шешіп беруін өтінген, одан әрі 20 мың теңгені зейнеткердің қолына ұстатқан, қалған 20 мың қайда деген сұраққа, “білмеймін, мүмкін банкоматта қаражат таусылып қалған болар” деп жауап берген, алайда жетпей тұрған соманы қыз қалтасына салып алған.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық іс-әрекеттер жасады деген күдікпен Шемонаиха қаласының 17 жастағы тұрғыны әшкереленді, ол тергеу барысында кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button