БастыӘлем

Жан түршігерлік матч: Футболшының жүрегі тоқтап қалды

Дания – Финляндия матчының 42-минутында соңғы онжылдықтағы үздік жартылай қорғаушылардың бірі Кристиан Эриксен алаңда есінен танып қалды. Бұл туралы ProSports жазды.

Мән-жайды айта кетсек, матч кезінде 29 жастағы футболшының жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер жүрекке жабық массаж жасап, дефибриллятор көмегімен оның соғысын қалыпқа келтірген. Кейін медициналық арбаға жатқызылып, дереу жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізіледі. Алып бара жатқан кезде көпшілік көзіне футболшыны көрсетпес үшін Финляндия елінің туы да қолданылған екен. Эриксеннің есін жиған, жасанды тыныс алу аппаратымен тыныстап жатқан стадиондағы суреті әлеуметтік желілерде кейін пайда болды.

Эриксен алаңнан кеткен жарты сағаттан кейін Дания футбол одағының Твиттерінде «Кристиан Эриксен есін жиды және Ригшоспиталет ауруханасында медициналық тексеруден өтіп жатыр» деген хабарлама пайда болды.

Эриксен ауруханадан әріптестеріне хабарласып, матчты жалғастыруын өтінген. 42-минутта тоқтап қалған ойын қайта жалғасып, Финляндия 1:0 есебімен ұтып, турнирдегі алғашқы сенсация нәтижені тіркеді. Осындай дүбірлі додаға тұңғыш рет қатысып жатқан финдік футболшылар қарсыласқа құрмет ретінде тарихи голды тойлаған жоқ.

Трагедиямен аяқтала жаздаған ойындағы бұл эпизод – футболдағы ең қорқынышты кадрлардың бірі.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button