БастыМәдениет

Елордада «Ән самалы» атты концерт өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық әні» бөлімінің «Ән самалы» атты XVIII маусымының жабылуына арналған концерті өтті.

«Астана» концерт залында өткен ән кешінің мақсаты – халықтың дәстүрлі музыкалық ән мұрасын насихаттап жүрген өнер иелерінің осы маусымды қорытындылап, сонау Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейін жеткен қазақтың ән өнерін көрермен назарына ұсыну еді.
Өткен ғасырдың 1970-80 жылдарында туған лирикалық әндермен өрілген әсерлі концертте белгілі күміс көмей, жез таңдай әншілермен қатар, өнер әлеміне енді ғана еніп, елге таныла бастаған өнерпаздар ән шырқап, көрерменнің ықыласына бөленді.

Концертте Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Нұрай Танабаев, Телман Нұркенов, Берік Омаров, Күнсұлу Тұрлыбекова, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Алуа Қалымбекова, Жандос Иманбай, Сәулежан Тағзия, Арафат Ысқақов, Айнұр Қонысбаева, Айгерім Нартүеева, Бейбіт Мұсаев, Данияр Мұқан, Айдос Оңғарбай, Жақсыкелді Маясаров, Нұржан Меирхан талғампаз тыңдарманның қошеметіне ие болды. Ал, әншілерді сүйемелдеген «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі саф өнердің үлгісін көрсетті.

Қазақтың дәстүрлі ән өнері – халықтың ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, жалғасып келе жатқан рухани қазынасы. Онда ұлттың болмысы, мінезі, дәстүрі мен салты-санасы ұштасқан. Он тоғыз перне мен қос ішектен құйылып келіп, шанақтан төгілетін құдыретті саз-әуен тыңдарманды ұлттық нәрмен сусындатады, рухын оятады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button