БастыДенсаулық

Мәжіліс төрағасы Цойға ескерту жасады: Жұмысыңыз жайында халықтың пікірін естіңіз

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысын сынға алып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

«Министр мырза, халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға шығу керек. Адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы байланысқанды қою керек. Ауруханаға, емханаға барыңыз. Әсіресе, аудандық медициналық ұйымдарды аралып шығыңыз, ондағы кезекте тұрған адамдарды тыңдаңыз. Менің ойымша, сол кезде медициналық көмек сапасы мен осы көрсеткішке қол жеткізу жайында қажетті мәлімет аласыз. Жалпы өз жұмысыңыз жайында халықтың пікірін естисіз», – деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда Мәжіліс спикері министрлік жинақталуы керек деді.

«Індетке байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне салмақ түсіп тұрғанын түсінеміз. Бірақ та біраз уақыт өтті ғой, жинақталу керек. Баспасөз мәслихаты өтетін Орталық коммуникациялар қызметінен бөлек, қарым-қатынасты жолға қойған дұрыс болады», – деді Н. Нығматулин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button