БастыСпорт

Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмендеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде бір позиция төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақта бақ сынап жүрген боксшы 8-орыннан 9-орынға түсті. Айта кетейік, Данияр былтырғы қараша айында намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутпен жеңді. Содан бері рингке шыққан жоқ.

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы ресейлік боксшы Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button