БастыБілім

Нұр-Сұлтанда 65-тен астам мектеп салу жоспарланып отыр

Елорда тұрғындарының саны жылдан жылға артып келеді. Есепке сәйкес, 2030 жылға қарай елордада 400 мыңға жуық оқушы болады. Оларды оқу орындарымен қамтамасыз ету үшін жыл сайын қалада кем дегенде 10 жаңа мектеп ашылу қажет. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Халық саны, соның ішінде оқушылар саны да үдері өсуде. Мәселен, 2010 жылы қалада 74 мың мектеп оқушысы болған болса, қазір 193 мың оқушы бар. Енді 10 жылдан кейін 2030 жылы, бұл көрсеткіш 400 000 оқушыға дейін өспек. Енді соған сәйкес мектептер құрылысы да қарқынды болу керек. Алдағы бес жыл ішінде 80 880 оқушыға арналған 67 мектеп салу жоспарланып отыр», – деді әкім.

Ол өз сөзінде былтыр пандемияның өршіп тұрғанына қарамастан елордада 11 мектеп жаңадан бой түзегенін, биыл тағы 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты.

Алтай Көлгінов сөз арасында ұстаздарды ынталандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын да қозғап өтті.
«Білім беру мекемелерін ғимаратпен қана қамту жеткіліксіз. Сапалы білімді арттыру мақсатында болашақ педагогтарды ынталандыру үшін, орта білім алуға жыл сайын 800, жоғары білім алуға тағы 300 әкім грантын бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі жоспарлы түрде артатын болады», – дейді Алтай Сейдірұлы.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button