БастыҚоғам

Елорда әкімі: Жыл соңына дейін 10 елді мекенге газ тартылады

Жалпы, жоспар бойынша қала ішінде газдандырылуы керек жер үйлері басым 16 елді мекен бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатынла айтты.

«Биыл, бұйыртса жыл соңына дейін сол 16 елді мекеннің 10-ы толық газға қосылады деп отырмыз. Дәл қазіргі сәтте 7 елді мекенде газ тарату желілері толық құрылып біткен. 2288 абонент, яғни 43 000 қала тұрғыны көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алып отыр.

Соның ішінде: Оңтүстік-Шығыс, Железнодорожный, Көктал-1, Агроқалашық (былтыр газға қосылмаған бөлігі) елді мекендерінде газ тарату желілерінің құрылысы аяқталуға жақын, алғашқы үйлер көгілдір отынға қосылып үлгерді», деді әкім.

Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ – Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерін газға қосуды жоспарлап отырғанын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button