БастыҚоғам

Петропавлда пойыз қағып кеткен әженің туыстары іздестіріліп жатыр

Петропавлда пойыздың астына түсіп, ауыр жарақат алған белгісіз егде жастағы әйелдің туған-туыстары іздестіріліп жатыр.

Петропавлдағы Лидер.кз волонтерлер қозғалысы әлеуметтік желі арқылы пойыздың астына түсіп, ауыр жарақат алған әйелдің туған-туыстарына іздеу жариялады.

Оқыс оқиға 6 маусым күні болған. Пойыз жасы шамамен 70-75-тердегі әйелді қағып кетті. Ауыр жарақаттанған әйелдің жағдайы нашар, ауруханада жатыр.

Әйелдің бойы шамамен 150-155 см шамасында. Арықша келген. Әйелдің оң қолында күміс сақина болған.

Волонтерлер әйелді танығандарды 8 777 608 88 49, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button