БастыҚоғам

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 143 есірткі қылмысы анықталды

Ақтөбе облысында полицейлер жыл басынан бері есірткілік масаң күйдегі 85 жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

2021 жылдың бес айында Ақтөбе облысының аумағында 143 есірткі қылмысы анықталды.

Тәркіленген және заңсыз айналымға жіберілмеген есірткінің салмағы 235 келіден асты, оның ішінде 219 келіден астам “марихуана”, 15 келіден астам “гашиш” және 533 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері автокөлік құралын есірткіден мас күйінде басқарған 85 жүргізушіні ұстады.

Облыстық психикалық денсаулық орталығында есірткі және психотроптық заттарды теріс пайдаланатын “нашақор” диагнозымен, сондай-ақ профилактикалық есепте 1 717 адам тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button