Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
7 маусымдағы жағдайға сәйкес:
– «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы,
– «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары,
– «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.
Жалпы, Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа өтті.