БастыМәдениет

«Желбіреген көк туым» мерекелік концерті ұйымдастырылды

ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Астана» концерт залында «Желбіреген көк туым» атты мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды филармонияның баспасөз қызметі.

Концерттің мақсаты – Ұлттық рәміздеріміз елдігіміздің дәлелі, ерлігіміздің төл құжаты екенін кеңінен насихаттауға үлес қосу.

Мерекелік концертте елімізге танымал өнер иелерімен жас таланттар өнер көрсетті. Олар: Майра Ильясова, Алтынай Жорабаева, Гүльнұр Оразымбетова, Светлана Айтбаева, Арайлым Рахым, Алтынбек Әбділда, ДОС, Нұрбол Балапанов, Рүстем Жүгінісов, Мұратбек Хайролда, Диана Май, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Парасат Отан және «Әлем» эстрадалық би ансамблі.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылдың 4-маусымында қабылданып, осы тарихи оқиғаға байланысты жыл сайын еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қайсарлық пен қаһармандығын, егемендігін, бабалардың арман-тілегін, еліміздің жарқын болашағын айшықтайтын құнды белгілер. Сондықтан, айтулы күнді атап өтіп қана қоймай, оның қадір-қасиетін өскелең ұрпаққа насихаттап, жеткізу басты парыздардың бірі болып қала бермек.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button