БастыҚоғам

Мектепке дейінгі ұйымдарда 24 297 бос орын бар

2021 жылдың 10 маусымынан бастап www.Indigo24.kz сайтында қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына жоспарлы жинақтауды бастау жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

www.Indigo24.kz электрондық жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жеке балабақшалар мен шағын орталықтар) 24 297 бос орын бар.

Биыл 1 маусымнан бастап барлық мемлекеттік балабақшалар базасында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналарға арнап онлайн-кеңестер ұйымдастырылды. Қажет болған жағдайда ата-аналар санитарлық-дезинфекциялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жанындағы консультативтік пункттерге жүгіне алады.

Жинақтауды өткізу кестесі және жолдама алу алгоритмі қала әкімдігінің ресми сайтында www.astana.gov.kz, сондай-ақ www.Indigo24.kz сайтында орналастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button