БастыҚоғам

ШҚО-да қар жаууы мүмкін

ШҚО-да 4-5 маусым күндері дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«4 маусым күні облыстың кей аймақтарында найзағай соғып, дауыл тұруы және бұршақ жаууы мүмкін. Ал 5 маусым күні түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Сондай-ақ желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді», – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 5 маусым күні күндіз ауа температурасы 10-18 градусқа дейін күрт төмендеп, түнде – 2 градусқа дейін суытады деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button